Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (6)

Сен кеткелі

Жан-жүрегім шаттанып шалқымапты,
Көз-көлімде мұң-аққу қалқып ақты.
Жырын оқы, жанындай жақсы көріп,
Сені сүйген, сен сүйген «ақымақтың».

Толық

Сен кеткелі

Құшағыңды сағынып жүрек кейде,
Шығып кетіп қалардай бұлқынады.
Шулы қала шуымен тірек кейде,
Ал тіршілік жұлқиды, жұлқынады.

Толық

Сен кеткелі

Сүйіп тұрып кетеріңді кім білген?
Кеше жүр ек қырда теріп бүлдірген.
Аққу мойын, аруым қайдасың сен?
Пәк сезімін күлкісімен білдірген.

Толық

Сен кеткелі, Шырақ-ай, сен кеткелі

Сен кеткелі, Шырақ-ай, сен кеткелі,
Сары уайым санамды шеңбектеді.
Сірә сендей болмайды дүниеде,
Барша қызды жисам да жер-көктегі.

Толық

Сен кеткелі

Түрім де бұзылғандай сен кеткелі,
Еш кетіп сезімімнің еңбектері.
Аспан өзі күрсініп тұрғанменен
Жұбатуға тырысты жер-көк мені.

Толық

Пікірлер